Алматының Медеу ауданында таудан түсіп келе жатып бағытынан адасқан Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматына құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға "Бүркіт ұясы" сарқырамасы маңында, теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте болған. Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары туристпен байланыс орнатып, оның орналасқан жерін анықтады.
Құтқарушылар туристі таудан қауіпсіз жерге алып шықты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқарушылар келгеннен кейін туристі туыстары қарсы алды.
ТЖМ тауға шығар алдында маршрутты алдын ала зерттеп, ауа райын ескеруге, жақындарына жорықтың бағыты мен қайту уақытын хабарлауға және белгіленген соқпақтан шықпауға шақырды.