Алматы тауларында болған оқиғадан кейін құтқарушылар туристерге үндеу жасады

167

Мамандар бірнеше қағиданы қатаң ұстануды ескертті.

Алматы тауларында болған оқиғадан кейін құтқарушылар туристерге үндеу жасады Фото: Бейнежазбадан

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар туристерді мына ережелерді сақтауға шақырады:

  • маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
  • 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
  • ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
  • жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
  • дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
  • егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды 2-3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу