Алматы тауларында Ресей азаматы жоғалды

651

26 жастағы ресейлік бір топ туристпен Үлкен Алматы көліне жаяу барған. Серуен кезінде ол топтан қалып қойып, адасқан деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы тауларында Ресей азаматы жоғалды Фото: otkryvai.kz

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, алматылық құтқарушылар адасып кеткен туристі бірнеше сағат бойы іздеген.

"Аталған оқиға кешкі уақытта болған. Іздестіру жұмыстарын қалалық құтқару қызметінің 5 қызметкері жүргізді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті іздестіру жұмыстары кезінде адасып кеткен туристпен байланыс үзбеген. Бірнеше сағаттан кейін Ресей азаматы табылып, құтқарушылар оның таудан түсуіне көмектесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу