Оқиға орнында өртті жоюға сондай-ақ "Іле Алатау" МҰТП қызметкерлері - 42 адам және ТЖД жеке құрамнан 32 адам мен 5 техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, құрғақ шөптің биік болуымен, қураған ағаштың көп мөлшерімен күрделенуде.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы тауларындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, өртті сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші қаза тауып, бір құтқарушы жарақат алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу