Алматы тұрғыны "Оңай" жүйесіндегі олқылықты тізіп сотқа жүгінді

745

Алматы тұрғыны "Оңай" жүйесіндегі олқылықты тізіп сотқа жүгінді

Алматы тұрғыны "Оңай" жүйесіндегі олқылықты тізіп сотқа жүгінді, деп хабарлайды КТК.

Жол ақысынан туған дау сотқа жеткен. Алматыда "Оңай" жүйесі бойынша және осы картасыз жол жүру құнындағы айырмашылыққа наразы тұрғын қалалық әкімдіктің үстінен сотқа шағым түсіріпті. Бірақ, екі рет өткен алдын ала тыңдалымға әкімдіктен ешкім келмеген.

Қалалық әкімдікті сотқа сүйреген Андрей Ушаков, қаулының күшін жоймайынша алған бетімнен қайтпаймын дейді. Оның айтуынша, қоғамдық көліктегі "Оңай" жүйесі арқылы жол ақысының әр түрлі белгіленуі, халықтың құқығын шектеп отырған көрінеді.

"Әкімдіктің дифференциалды тариф жөніндегі қауылысы біздің конституциялық құқығымызды шектейді. Көлік қызметін пайдалану құқығымызды да бұзып отыр. Жеке компанияның атын жамылған монополистер экономикалық қысым күшімен, өздерінің қызметін тықпалап жатыр. 80 теңгемен жүргің келе ме, 400 теңгеге "Оңай" сатып ал деген сияқты" дейді шағымданушы.

Қаулының қитұрқы тұстарын тізбелеген Ушаков, қарашаның басында арызданыпты. Алайда, іркес-тіркес екі рет өткен алдын-ала тыңдалымда қалалық әкімдіктен тірі жан төбе көрсетпеген. Ал, сотта аты аталатын үшінші тараптың өкілдері, шағымданушының пайымын негізсіз дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу