Алматы ТЖД-нің басшысы Көктөбедегі өрт туралы егжей-тегжейлі айтты

1043

Өртті сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамының 1500 қызметкері, полиция департаменті, Алматының коммуналдық және инженерлік қызметі, сонымен қатар арнайы техниканың 70 бірлігі, оның ішінде 28 су тасымалдаушы көлік қатысқан.

Алматы ТЖД-нің басшысы Көктөбедегі өрт туралы егжей-тегжейлі айтты

Алматының ТЖД-нің басшысы Көктөбе телемұнарасына жақын маңда болған өртке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Серік Әубәкіров өзінің сөзінде ойдым жерлер мен беткейлердің қиындық тудырғанын айтты. Алғашқы өрт сағат 19.58-де өшірілген, ал арада 20 минут өткен соң екінші өрт туралы хабар жеткен.

"Біз іске бірден кіріспедік, оның үстіне қараңғы түсе бастады, авиацияны шақыра алмайтынымызды түсіндік, сондықтан үшінші өршіп тұрған деңгейге гарнизонды қатыстырдық. Қала әкімі үлкен қолдау көрсетті, қаланың азаматтық қорғанысының барлық күштерін жұмылдырды",– деді Серік Әубәкіров.

Екінші өрт болған жерде адам мүрдесі табылды, полиция оның кім екенін және жағдайдың қалай болғандығын анықтауда.

"Екі өрт те жеке секторға қауіп төндірді, дегенмен адам шығыны және эвакуация болған жоқ", – деп түсіндірді ТЖД-нің басшысы.

Өртті сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамының 1500 қызметкері, полиция департаменті, Алматының коммуналдық және инженерлік қызметі, сонымен қатар арнайы техниканың 70 бірлігі, оның ішінде 28 су тасымалдаушы көлік қатысты.

Еске салсақ, алғашқы өрт 11 тамызда сағат 14:28 Көктөбе телемұнарасына жақын маңда болған, қурай өртенген. Өртті сөндіруге Алматының Құтқару қызметінің МИ-8 және ҚР ІІМ КА-32 тікұшақтары қатысқан, олар жалпы көлемі 36 текшеметр болатын суды 12 рет жоғарыдан төккен. Өрт сағат 20.00 жуық шамасында жойылды.

Кешкі сағат 20.00-де Алматы ТЖД-нің 101 пультіне Көктөбенің төменгі баурайындағы Диваев көшесі бойында екінші өрттің орын алғандығы туралы хабар түскен, өрт ауқымы болжам бойынша 10 га.

Алматының ТЖД барлық жеке құрамы үшінші нөмір бойынша іске кіріскен, оқиға орнында Департамент басшылығы болған. Сағат 22:47 оңтүстік-батыс, шығыс және солтүстік-шығыс жақтары бойынша жалын сөндірілген, жеке секторға өтпеген. Өрт сағат 00.02-де толық жойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу