Алматы жұрты актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салды

389

Жаназа намазы қаладағы Орталық мешітте оқылды. 

Алматы жұрты актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салды Фото: stan.kz

Алматыда туыстары мен жақындары актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұммен қоштасуға қазақстандық киноның белгілі тұлғалары – Асан Мәжит, Ерден Телемісов, Берік Айтжанов, Жан Байжанбаев, Еділ Анарбай, Санұржан Сүлейменов, Олжас Тоғымбет және өзге де танымал әртістер келді.

Марқұмның қызы Диана Болатова да әкесінің соңғы күндерін еске алып, жан сырын бөлісті.

“Кейінгі бірнеше ай ең ауыр кезең болды. Инсульттен кейін денсаулығы күн санап нашарлады. Онкологиялық емді жалғастыру мүмкін болмады, алдымен инсульттен кейінгі оңалту курсынан өтуі қажет еді. Инсульт екі мәрте қайталанды. Дәрігерлер үш ай бойы ешқандай ем қолдануға болмайтынын ескертті. Мұның бәрі әкеме өте ауыр соқты. 8-і күні түнде әкем үйде көз жұмды”, – деді Диана.

Айта кетейік, кеше, 8 қаңтар күні танымал актер Мұрат Бисенбин қайтыс болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу