Алматыда 19 жастағы мопедші жол апатынан көз жұмды

140

Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті пікір білдірді.

Алматыда 19 жастағы мопедші жол апатынан көз жұмды Фото: adyrna.kz

Қайғылы оқиға Алматының Алатау ауданына қарасты “Қарасу” ықшамауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мопед жүргізуішісі жол қиылысынан шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан “Хово” жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, Мөңкеұлы көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, Сүмбіле көшесінің қиылысында мопед жүргізушісі, “Жол бер” жол белгісі болса да жол қиылысына шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан “Хово” жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мопедтің 19 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды",  деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу