Алматыда 2 мыңнан астам полиция қызметкері Covid-19-ға қарсы вакцина салдырды

991

Бірінші кезекте қатардағы бөлімдердің қызметкерлері екпе жасатты.

Алматыда 2 мыңнан астам полиция қызметкері Covid-19-ға қарсы вакцина салдырды

Алматыда екі мыңнан астам полиция қызметкері Covid-19-ға қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алматыда полиция қызметкерлерін вакцинациялау биылғы жылдың 10 наурызында басталды.

"Бірінші кезекте – қатардағы бөлімдердің қызметкерлері: патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және тәулік бойы кезекшілік ететін және алдыңғы қатарда тұрған ювеналды полиция өкілдері өтті. Әрі қарай вакцинаны аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері алды, олар да тұрғындармен тығыз байланыста. Басты мақсат – жеке құрам арасында жұқтыру мен коронавирустық инфекцияның таралу қаупін болдырмау. Арнайы кесте жасалды, қызметкерлер қаланың әртүрлі емханаларына бөлінді – бұл өте ыңғайлы және кезектердің пайда болуын болдырмайды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков. 

Оның айтуынша, полицейлер үшін вакциналар жеткілікті. Биылғы жылдың наурыз айының соңына дейін Алматы қалалық ПД жеке құрамына вакцина егу жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу