Алматыда 20 жастағы Ақназар Қажымұрат қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ол 2018 жылы Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі бола отырып, Гарвард университетіне оқуға түсті. Одан кейін Ақназар ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан максималды нәтиже көрсетіп, бірегей рекорд орнатты. Сондай-ақ дарынды бала математика және физика бойынша ең танымал олимпиадалардың жеңімпазы атанған.
Күні кеше ғана Ақназардың ата-анасы оның жоғалып кеткені туралы хабар таратқан.
"2001 жылы 14 тамызда дүниеге келген Қажымұрат Ауназар Арманұлы 2021 жылы 3 қарашада Алматыға кездесуге кеткен. Соңғы рет 3 қараша күні сағат 20:27-де әжесімен телефон арқылы сөйлескен", – деп жазылған хабарламада.
Студент Алматыда академиялық демалыста болған.
Алматы полиция департаменті іздеу шаралары аясында жедел-іздестіру тобының құрылғанын хабарлады. Жас жігіттің мәйітін бүгін ҰБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Бостандық ауданы аумағынан тапты.
"Зорлық-зомбылық белгілері табылмады. К.-ның өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр", – деді полиция.