Алматыда 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ құрықталды

933

Қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі мемлекет кірісіне айналдырылды.

Алматыда 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ құрықталды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жылдары оған бағынышты 7 компания арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Іске қатысты фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысын қоса алғанда 6 адамбар" деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 28-б. 5-б., 216-б. 3-б. (нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу