Алматыда 4 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылды

289

Шаһарда жол қауіпсіздігін сақтамайтын жүргізушілер көбейіп келеді.

Алматыда 4 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылды Фото: Алматы полициясы

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматының жолдарында 2 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Бұл жағдай жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Сот шешімімен 3 993 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды, ал 2 365 жүргізушіге әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Алматы полициясы осы мәселеге қатысты дабыл қағып, танымал тұлғалар арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Спортшылар, әншілер, әртістер өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырады, – деп хабарлады ведомстводан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жұмыстар жол қозғалысындағы тәртіпті жақсартуға және жол апаттарының алдын алуға септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу