Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған: Қылмыстық іс сотқа жолданды

368

Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деген күдікке ілінген ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған: Қылмыстық іс сотқа жолданды Фото: ашық дереккөз

Іс материалдары сотқа берілді. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Соттың мәліметінше, алдын ала тыңдау 2 тамыз күні сағат 16.00-ге белгіленді.

Айта кету керек, 12 сәуірде Алматыдағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам әйелдің басын сөмкеге салып, базар маңына тастап кеткен болатын. Полицейлер мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесінің бойындағы саябақтан табылған. Әйелдің басын кесіп алған күдіктіні қамауға алу мерзімі 2 айға ұзарған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу