Алматы полициясының мәліметінше, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
"Оқиға Алматының Бостандық ауданында орын алды. Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта Ходжанов көшесі маңында келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі өтіп бара жатқан көліктермен соқтығысып, салдарынан аударылып кетті. Көлік жүргізушісі 1951 жылы туылған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалады", – деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.