Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен 4 жасар қыз табылды

1737

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен 4 жасар қыз табылды Фото: apk-news.ru

Алматы полиция департаменті Жамбыл ауданынан Алматыға бағыттаған таксиде анасы қалдырып кеткен 4 жастағы қыздың табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Мәлім болғандай, төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен.

Lider kz волонтерлерінің хабарлауынша, 2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.

Бүгін таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді. 

"Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды",-деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық бұған дейін, Алматыда анасымен таксиге отырған 4 жасар қызға іздеу жарияланғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу