Алматыдағы "Арлан" ірі сауда орны өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
100 шаршы метр аумақта контейнерлер жанған.
Өрт 9 қаңтарда сағат 16:55-те болған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 16 бірлік техникасы, 60-тан астам қызметкері мен қалалық өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Нысан тоқтан толық ажыратылды.
Өрт сөндірушілерге жапсарлас орналасқан контейнерлердің тым тығыздығы кедергі келтірген. Контейнерлерді ашу үшін арнайы апаттық-құтқару құралдары қолданылды. Өрт екі сағатта оқшауланды. Базардағы басқа контейнерлер өрттен аман қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу