Алматыда аулада ойнап жүрген 7 жасар баланы көлік қағып кетті

377

Алматының Шұғыла ықшамауданында орналасқан "Alem City 3" тұрғын үй кешенінің ауласында 7 жасар баланы көлік басып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда аулада ойнап жүрген 7 жасар баланы көлік қағып кетті Фото: Бейнежазбадан

Полиция департаментінен мәлім еткендей, оқиға 11 мамыр күндіз болған.

"Шұғыла" шағын ауданында оңтүстік бағыттағы аула жолымен келе жатқан Changan көлігінің жүргізушісі шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткен. Салдарынан бала дене жарақатын алып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасы апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу