Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

408

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 15:00 шамасында Абай даңғылында орын алған.

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты Фото: Хабар24

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Автобус Абай даңғылының бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, сол жақ жолаққа қарай ауысар кезде сол бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі көлікке де механикалық зақым келген.

Аталған фактіні Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр", деді Алматы қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу