Алматыда автобус зейнеткерді қағып кетті

815

Бүгін Алматыда автобус жүргізушісі 77 жастағы әйелді қағып кетті.  

Алматыда автобус зейнеткерді қағып кетті Фото: zakon.kz

77 жастағы әйел кісі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жол апаты Досмұхамедов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық автобус Мақатаев көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, бір әйел күтпеген жерден жол жиегіне шығып кетіп, жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп кеткен.

Жүргізуші соқтығысудың алдын алу үшін рульді бүйіріне бұрып жібергенімен әйелді қағып кетті. Содан кейін автобус көгалға ұшып, жол жиегіне соғыла жаздады.

Апат салдарынан әйел автобустың астында қалып, алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Алматы қалалық құтқару қызметі барған. Қазір сот-медициналық мамандар апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу