Алматыда автобус жеке тұрғын үйге соғылды

601

Жол апаты салдарынан жүргізуші және 6 жолаушы зардап шеккен.

Алматыда автобус жеке тұрғын үйге соғылды

Алматыда 141-бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жеке тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты 10 қазан күні, сағат 18.00-де болған. 

141-бағыттағы "Yutong" маркалы автобустың жүргізушісі Күдерин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, жолдан шығып, жеке тұрғын үйге соғылған. 

"Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі және көліктегі 6 жолаушы зардап шекті. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруда", – деді қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу