Алматыда автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып өлтірді

140

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып өлтірді Фото: inbusiness.kz

Автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып, Жұмабаев көшесінің қиылысында жолдан өтпек болған әйелді басып кеткен. 

– Алған жарақаттардан 1957 жылғы әйел оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу