Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырып қайтыс болды

258

Оқиға 25 қаңтарда Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында болған.  

Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырып қайтыс болды Фото: fotobus.msk.ru

"Алматыэлектротранс" компаниясының хабарлауынша, Алматыда №92 автобус жүргізушісі рейс кезінде қайтыс болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегіш педальды басып, апаттың алдын алды. Жолаушылар жедел жәрдем шақырды. Келгеннен кейін медициналық топ жүргізушінің қайтыс болғанын хабарлады. Алдын ала диагноз – жедел миокард инфарктісі", – деді компания.

Жүргізуші сол күні таңертең міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткені белгілі. Ол компанияда 2023 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеген.

"Автобусқа техникалық зақым келген жоқ, жолаушылар арасында зардап шеккен жоқ. Қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін көлік құралы саябаққа жеткізілді", – деп толықтырды "Алматыэлектротранс".

Компания қайтыс болған адамның туыстарына көңіл айтып, оның отбасына көмек қолын созатынын жеткізді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу