Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде күрт нашарлап, ол көлік тізгініне ие бола алмай, жол апатына ұшыраған. Жүргізуші оқиғадан соң көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, №131 бағыттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.
“Бастапқы деректер бойынша, қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды”, – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.