Алматыдағы бір адам ажал құшқан жантүршігерлік жол апатына "кінәлі" деген күдікпен жүргізушінің бірі қамауға алынды. Қалалық тергеу сотының қаулысымен ол 2 ай, яғни 9 қаңтарға дейін қамауда болады.
Бұған дейін полицейлер 98-ші бағыттағы қоғамдық көлік бағдаршамның қызыл түсін елемей, 201-ші автобуспен соқтығысқанын жазған едік.
Еске салсақ, 8-қараша күні Алматыда Төле би, Абылай хан көшелерінің қиылысында екі қоғамдық көлік соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы 21 жолаушы зардап шекті. Марқұм болған Мұхит Исаханов есімді азамат автобуста жүргізуші болу үшін тағылымдамадан өтіп жүрген. Соққы кезінде терезеден мұрттай ұшып, көліктің астында қалған. Ал екінші автобустың 59 жастағы жүргізушісі ауруханада жатыр.