Алматыда қоғамдық көлік пен Mitsubishi соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты бүгін түскі сағат 14:48-де Алматының Жетісу ауданында болды.
"Mitsubishi" маркалы көліктің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Бөкейханов көшесінің қиылысында жеке тасымалдаушыға тиесілі № 58-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан "Mitsubishi" көлігінде отырған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.