Алматыда азық-түлік жетіспеушілігі жоқ

1193

Карантин кезінде дүкендер жабылмайды. 

Алматыда азық-түлік жетіспеушілігі жоқ

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалиннің сөзінше,  Алматыда азық-түлік жетіспеушілігі жоқ. Ал тауарларға сұраныстың артуы бағаның өсуіне алып келеді. 

"Егер карантин жарияланса, азық-түлікпен қамтамасыз ететін нысандар жабылмайды. Мұндай жағдай болған әлемнің барлық елінде, оның ішінде Италияның өзінде дүкендер жабылған жоқ. Дүкен қызметкерлерінің бірі сырқаттанып қалса, тек әріптестерін карантинге жібереді де, 1-2 күн бойы ғимаратты тазарту жұмыстарын жүргізеді. Отандық өнімдер дүкен сөрелерінен жоғалып кетпейді. Біз ірі супермаркеттер желілерімен байланыстамыз. Олардың қоймаларында алдағы 1,5-2 айға жететін тауар бар",  – деді Еркебұлан Оразалин. 

Сонымен қатар басқарма басшысы азық-түлікті көптеп сатып алып, қамданудың қажеті жоқ екенін ескертті. Себебі бұл тек тауар бағасының қымбаттауына сеп болады. 

"Сұраныстың артуы ұсыныс тудырады. Ал бұл тауар тасымалдаушылар мен нарықтағы өзге адамдарға пайда табуға мүмкіндік береді. Сондықтан жаппай азық-түлік сатып алудың қажеті жоқ", – деді басқарма басшысы. 

Әкімдіктің мәліметінше,  қала тұрғындарының жылдық әлеуметтік маңызы бар тауарларды тұтыну көлемі 860 мың тоннаны құрайды. Бұған нан, пияз, май, картоп сынды 19 түрлі тауар кіреді. Оның 241 мың тоннасын қаладағы кәсіпорындар өндіріп отыр. Атап айтсақ, нан өнімдерінің 76%-ын жергілікті зауыттар шығарады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу