Алматы қаласының ІІД бүгін 70-тен астам бағдаршам өшіріліп, жолдар полицейлердің бақылауында болатынын хабарлады. Бұл жолдағы кептелістің алдын алу үшін жасалып отыр, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған egemen.kz.
Алматыда кеше болған көлік коллапсынан кейін полиция қызметкерлері жолдағы жағдайды өз назарларында ұстамақ. Сол үшін бүгін жол-көлік полциясының инспекторлары жолдарға шығады.
ІІД өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, полицейлер жол шетінде қар тазалауға бөгет жасап тұрған көліктерді эвакуатормен алып тастамақ. Сонымен қатар дөңгелектердің қысқы түріне ауыстырылуы жайы тексеріледі. Бірақ заң бойынша жазғы дөңгелектерді 1 желтоқсанға дейін ауыстыру керек болғандықтан, оларға еш шара қолданылмайды.