Құжаттың мақсаты – халық үшін тартымды, жайлы әрі үйлесімді мегаполис құру.
Сарапшылар мен қала тұрғындары көлікті, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, инженерлік желілерді жаңғыртуды, ауаның ластануымен күресу және экожүйені жақсарту шараларын талқылады.
Былтырғы шілде айынан бастап "Тұрғындар сауалнамасы" зерттеуі жүргізілуде.
Бұл алматылықтардың тәжірибесіне жүгінуге, жолға қанша уақыт жұмсайтынын, шаһардың дамуына қатысты ұсыныстарын білуге мүмкіндік берді.
"Бас жоспарды талқылаудағы мәселенің дені осы зерттеудің нәтижесімен расталады. Үш күндік қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстар мен пікірлер Алматының полиорталықтарының бас жоспарын әзірлеу бойынша техникалық тапсырмаларды белгілеу кезінде ескеріледі", – деп хабарлады шаһар әкімдігі.