Алматыда бес адамды өлтірген Игорь Дужновтың ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сот 54 жастағы Дужновты екі полицей мен сот орындаушысын, сондай-ақ үйінің жаңа қожайыны мен куәгерді өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Сот Дужновты екі немесе одан да көп адамды өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне, сондай-ақ сот орындаушысының өміріне қол сұғу, сот шешімі мен атқару құжатын орындауға кедергі келтіру, шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысу үшін кінәлі деп таныды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Игорь Дужнов екі немесе одан да көп адамды өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғу, сондай-ақ сот орындаушысының өміріне қол сұғу, сот шешімі мен атқару құжатын орындауға кедергі жасау, сондай-ақ шетелдік қарулы қақтығысқа қатысу қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Дужнов алдын ала жоспарланған, қасақана аса ауыр қылмыстардың жиынтығын жасады. Құрбан болғандар қызметтік міндеттерін атқарып жүрген адамдар мен азаматтық тұлғалар. Сонымен бірге Дужнов өз ісіне өкінген жоқ. Қылмыстың ерекше қоғамдық қауіптілігін және Дужновтың жеке басын ескере отырып, сот оған қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті", – деп хабарлады судья Еркін Майшинов.
Еске сала кетсек, былтыр 20 қыркүйекте Игорь Дужнов "Ақбұлақ" шағын ауданындағы үйінің ауласында сот шешімін орындауға келгендерге оқ атқан. Нәтижесінде, бес адам қаза тапты. Оның екеуі полицей мен сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар.