Алматыда бетон араластырғыш көлік ірі жол апатына ұшырады

929

Оқиға Сайын көшесінде орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда бетон араластырғыш көлік ірі жол апатына ұшырады Фото: canva.com

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 12:05-те болған. Алты көлік зақымданған.

"Shacman автокөлігінің жүргізушісі, 1995 жылы туған азамат С., Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жандосов көшесінің оңтүстігінде келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан 6 көлікпен соқтығысқан. Бұл факт бойынша қызметкерлер тергеу жүргізіп жатыр. Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Көліктердің бірінде отырған жолаушы медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу