Алматыда бизнесті қолдауға негізделген "Qoldau" орталығы құрылады

1588

Алматыда кәсіпкерлердің V бизнес-конференциясы басталды.

Алматыда бизнесті қолдауға негізделген "Qoldau" орталығы құрылады

Аталмыш орталық кәсіпкерлікті дамыту бағытында бұған дейін жұмыс істеп келген 42 ұйымның орнына ашылады. Бұл туралы Алматы кәсіпкерлерінің V конференциясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Айта кетсек, Алматыда "Атамекен" ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен кәсіпкерлердің дәстүрлі V бизнес-конференциясы басталды.

Бизнес-конференция қатысушылары баяндамашыларға өздерін толғандырып жүрген әр-түрлі мәселелелер туралы сұрақ қойып, жауап алады.

Шара тікелей эфир арқылы көрсетілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу