Алматыда BRT желісіне шығып ережені бұзғандарға айыппұл салынады

185

Әзірге жол қозғалысы ережелерін сақтамаған жүргізушілерге түсіндіру шаралары жүргізілуде.  

Алматыда BRT желісіне шығып ережені бұзғандарға айыппұл салынады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласында 14 желтоқсаннан бастап жаңа BRT желісі іске қосылды, соған байланысты аталған көше-жол желісі учаскелерінде полицейлердің патрульдеуі күшейтілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Желіні пайдаланудың бастапқы кезеңінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысындағы өзгерістерді түсіндіріп, жаңа жол таңбалары мен белгілерге бағдар берді. Сондай-ақ қозғалыстың жаңа тәртібіне бейімделуге көмектесті.

– Бейімделу кезеңі аяқталғаннан кейін жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылдана бастайды. Әсіресе қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтарда көлік құралдарын тоқтату және қою, сондай-ақ жеке автокөліктердің БРТ жолағына шығу фактілеріне ерекше назар аударылады. Құқық бұзушылықтар полиция нарядтарымен қатар фото және бейнебақылау құралдары арқылы да тіркелетін болады, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Айта кетейік, BRT – арнайы жолақпен жүретін, жылдамдығы жоғары автобустар желісі.

14 желтоқсаннан бастап Алматыда Желтоқсан көшесінде BRT (Bus Rapid Transit) желісі іске қосылды.

Алдағы екі жылда Алматыда 42 BRT дәлізі пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу