Алматыда дабыл жүйесі неге іске қосылмады: ТЖД себебін айтты

199

Жер сілкінісіне байланысты ешқандай ескертулер болмаған.  

Алматыда дабыл жүйесі неге іске қосылмады: ТЖД себебін айтты Фото: Гольфстрим

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дабыл жүйесі қандай жағдайда іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сиреналық және дауыс зорайтқыш құрылғылар мен Mass Alert жүйесі магнитудасы 5,5 балл және одан жоғары сейсмикалық датчиктерден сигнал түскен жағдайда автоматты режимде толық іске қосылады. Осыған байланысты ешқандай ескерту болған жоқ", – деп хабарлады ТЖД.

5 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласынан 33 км шығысқа қарай жер сілкінісін тіркеді.

Айта кету керек, осыған дейін Талғар ауданындағы мектептерде жер сілкінісіне байланысты сабақтар болмайтынын жазған болатынбыз. Алматыда және Алматы облысында жер сілкінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу