Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, апат бүгін шамамен сағат 12:00-де Әуезов ауданында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
№15 бағыттағы автобус Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Жандосов көшесінің қиылысында №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, екінші автобус солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған. Осы сәтте арттан келген автобус соғып, жол апаты орын алған.
Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу