Алматыда екі жолаушылар автобусы соғылып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан", - деп хабарлады полициядан.
Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.
Аталған факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу