Алматыда екі автобустың соқтығысуынан бір жолаушы мерт болды

675

Жол апаты бүгін Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында болды.  

Алматыда екі автобустың соқтығысуынан бір жолаушы мерт болды Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Алматыда екі автобустың соқтығысуынан 1 адам мерт болып, 15 адам жарақаттанды деп хабарлайды inbusiness.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Алматы қалалық полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция мәліметінде.

Алматыда жақында ғана тағы бір қоғамдық көлік жол апатына ұшыраған еді. Ол кезде жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, тұрғын үйге соғылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу