Алматыда электромобиль үшін тұрақ тегін болады

998

Шаһар билігі жеңілдікке ие болатын тұрғындар тізімін толықтырады. 

Алматыда электромобиль үшін тұрақ тегін болады

Шенділер коммуналды ақылы тұрақтарды (паркинг) пайдалану ережесіне өзгеріс енгізу жоспарын қоғам талқысына салды. Құжатта ақылы тұраққа көлігін тегін қоя алатын тұлғалар санын көбейту ұсынылған.

Аталмыш жоба іске асса, тұрақта мына категориядағы адамдардан ақша алынбайды:

1. Электромобиль иелері;
2. Өзге ел аумағында болған жауынгерлік ұрысқа қатысқандар;
3. Туғаннан мүгедек жандар және мүгедек балалардың заңды өкілдері;
4. Көп балалы аналар;
5. Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендер;

Әзірше соғыс ардагерлері, мүгедектер, І және ІІ топ мүгедектері мен арнайы көліктер ғана ақылы паркингтерді тегін пайдаланып жүр.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу