Алматыда елге заңсыз кірген өте қауіпті қылмыскерлер ұсталды

1164

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 шетелдік мүшесі ұсталды. Қылмыстық ниеттерін іске асыру үшін топ мүшелері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, ҚР аумағында астыртын болған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда елге заңсыз кірген өте қауіпті қылмыскерлер ұсталды

Үш ер адам – екі Тәжікстан және бір Грузия азаматы ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің полициямен бірлесіп өткізген арнайы операциясы кезінде ұсталыпты.

ҰҚК хабарламасына сүйенсек, топ мүшелерінің бірі 2019 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған. Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған, сондай-ақ "ұрылар қауымдастығының" әрекеттеріне де қатыстары болған.

Олардың бірі қосарлы кісі өлтіру бойынша жазасын Ресейде өтеген. Екеуінің қылмыстық ортада "ұмтылушылар" ("заңдағы ұрыларға" кандидаттар) мәртебесі бар және "заңдағы ұрылар" Азиз Батукаевпен ("Азиз"), Дэвид Герлианимен  ("Дато Сван", 2017 жылы ҰҚК жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған.

Ұстау барысында 2 жауынгерлік тапанша, 1 келте мылтық, олардың оқ-дәрілері, бірнеше суық қару және басқа да қару-жарақ пен қылмыс жасау құралдары табылған.

"Топқа қатысушылар Алматы қаласында тәжік диаспорасының кәсіпкерлеріне тиесілі ломбардтарға, айырбастау пункттері мен тұрғын үйлерге бірқатар қарақшылық шабуыл жасап және ұрлау үшін тұрақты қылмыстық топ құруды, сондай-ақ олардан тұрақты негізде ақшалай қаражат алу үшін оларды "қамқорлыққа алуды" реттеп қоюды жоспарлаған. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. Істің өзге де мән-жайларын анықтау, сондай-ақ аталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру жөніндегі жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу