Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

914

Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті.

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт көбейді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қарлығаш Әдбіжаббарова айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

"Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, ел бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала үшінші күн "қызыл" аймақта орналасқан. Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті", – дейді спикер. 

Мұны департамент басшысы "омикрон" штамымен байланыстырып отыр. 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелерімен елге жаңа нұсқаның келуі расталған. 

"Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 96 сынама ішінен 8 сынамадан омикрон штаммын анықтаған, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. "Дельта" штаммдары сынамалардың 71%-ында анықталды, "дельта – плюс" - 16%-ында, басқа штаммдар - 4,7%”, – деді спикер. 

Бұған қоса Қарлығаш Әдбіжаббарова жаңа штаммға тән белгілерді атады. Мәселен, таралу коэффициентінің жоғары болуы, иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы, 20-30 жас аралығындағы азаматтардың індетті жылдам жұқтыруы байқалады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу