Алматыда ер адам алдымен көлігін, кейін өзін өртеп жіберді

1095

Көлікті сөндіруге полицейлер мен оқиға куәгерлері қатысқан.

Алматыда ер адам алдымен көлігін, кейін өзін өртеп жіберді Фото: Бейнежазбадан

Полицейлер 33 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалды. Оқиға 1 қазанда Алматыда Түрксіб ауданындағы айып тұрағында болды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:10-да арнайы патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru маркалы көлікті тоқтатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Көлік иесінің төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы – 1 миллион 300 мың теңге. Сонымен қатар, жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған.

Мұндай жағдайда көлік арнайы айып тұрағына қойылуы керек екені атап өтілді.

"Көрсетілген рәсімдерді тіркеу кезінде жүргізуші көлігінен бензин алып шығып, көлікті де, өзін де бензин құйып, өртеп жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Олар өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірді. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді", – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу