Алматыда ер адамды көлік қағып, мерт қылды

187

Алматыда көлік көп жолдардың бірінде жаяу жүргіншіні қағып, өкінішке қарай, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда ер адамды көлік қағып, мерт қылды Фото: envanto.com

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 4 қыркүйекте, сағат 01:15-те Наурызбай ауданында болған.

"Subaru маркалы автокөліктің жүргізушісі Ташкент трактісі бойымен шығыс бағытта келе жатып, 1986 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен", – деді полицияда.

Алған жарақаттардың салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу