Алматыда ерлі-зайыптылар үйінде есірткі өсірген

682

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Алматыда ерлі-зайыптылар үйінде есірткі өсірген

Ерлі-зайыпты қаланың төменгі бөлігінде орналасқан "Алтай" ықшамауданында тұрады және үй өсімдіктерімен қатар үйінде қарасораның есірткі түрін өсірген, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Үй иесінің айтуынша, ол мұны жеке тұтыну үшін өсірген, бірақ сараптама оның денесінде есірткіге сәйкес заттардың жоғын көрсетті. Алайда онымен бірге тұратын әйелдердің қанынан есірткі анықталды. 

"Ол 1968 жылы туған Б.есімді тұрғын. Басында кез-келген есірткі затын тұтынбағанын айтқан болатын. Есірткі қолданғаны үшін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, С. есімді ер адам үй иесі болғандықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің үйінен тек құмырада өсетін сегіз қарасора табылды. Барлық заттай айғақтар тәркіленіп, тиісті сараптамаға 
жіберілді. Ұсталғандардың ешқайсысында тұрақты жұмысы жоқ. Әйел бұрын аса ауыр қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта қылмыстық заңнаманы бұзудың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Ерлан Аянбаев.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу