Қалалық полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кешкі сағат 21:00 шамасында болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оңтүстік бағытта қозғалған Toyota көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Chevrolet инерциямен қозғалып, Volvo көлігіне барып соғылған.
Жол апаты салдарынан бірнеше адамға медициналық көмек қажет болған.
Қазір полиция оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.
"Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жолдағы ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Рөлдегі бір қателік санаулы секундта бірнеше адамның өмірі мен денсаулығына ауыр зардап әкелуі мүмкін", – деп ескертті полиция.