Алматыда ертең мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ашық чемпионаты басталады

1085

Алматыда ертең мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ашық чемпионаты басталады

Ертең Алатау бөктеріндегі "Алматы Арена" стадионында мәнерлеп сырғанаудан  Қазақстанның ашық  чемпионатыбасталады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

11 желтоқсанға дейін ұласатын ел біріншілігіне жасөспірімдер, жастар және ересектер қатысады. Аталмыш  сайыс 2017 жылы Алатау баурайында өтетін 28-ші Дүниежүзілік  қысқы Универсиада қарсаңындағы тестілеу жарысы болмақ. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ашық біріншілігінің басты мақсаты  еліміздегі аталмыш спортты насихаттау, үздік  спортшыларды анықтау болып табылады. Сонымен қатар,  қысқы студенттік ойындарының бағдарламасына енген мәнерлеп сырғанау жарысының функционалдық бағыттарын  тексеріп,  спортшылар мен командалардың біліктілігін арттыру және  халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Мәнерлеп сырғанау жарысына еліміздің белді спортшылары  өз өнерлерін ортаға салып, қысқы Универсиада ойындарына дайындықтарын пысықтайды. Солардың ішінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатына Қазақстан чемпионы Регина Глазман мен 2016 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында  өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарында екінші орын алған Элизабет Тұрсынбаева бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу