Алматыда ірі жол апаты болды

1327

Екі адам мерт болып, 7 адам зардап шекті.

Алматыда ірі жол апаты болды Фото: sputniknews.kz

Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі Сейфуллин көшесімен келе жатып, бағдаршамның қызыл белгісін елемей, қарсы жолаққа шығып кетіп Audi темір тұлпарын соққан. Ол тосыннан болған соққыдан келе жатқан бағытынан тайып, екпінмен жол шетіндегі белгі мен билборд, ағашты жұлып кеткен, деп хабарлайды almaty.tv.

Ал BMW маркалы жеңіл көлік сол екпінмен барып тағы Subaru Forester мен Toyota Carina автомобильдерін де соққан.

Жантүршігерлік жол апаты орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем, құтқарушылар шақырылған.

Жолаушыларды алып шығу үшін құтқарушыларға BMW көлігін кесуге тура келіпті.

Audi-дегі екі жолаушы жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында мерт болды. Тағы 7 адам – Audi жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі мен 3 жолаушы, Subaru-дың жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға куәгерлері BMW жүргізушісінің мас күйде болуы мүмкін екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу