Алматыда қар құлатқан ағаштардың астында 42 көлік қалды

951

Бір адам басына бұтақ құлап, дәрігерге жүгінді.

Алматыда қар құлатқан ағаштардың астында 42 көлік қалды

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жексенбі күні тоқтаусыз жауған қардан тұрғындарға келген зардаптың алғашқы деректерін жариялады. 

"Жексенбі күні сағат 16.30-ға дейін төтенше жағдай мен құтқару қызметіне тұрғындардан 115 хабар келіп түсті. Құлаған 93 ағаштың 42-сі көліктерді басып қалған. Тағы 22 көліктің үстіне бұтақ құлаған", – делінген департаменттің мәліметінде. 

Ал Каменка ықшам ауданында 26 жастағы жігіттің басына бұтақ түсіп, "жедел жәрдемнің" көмегіне жүгініпті. Алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін ол үйіне жіберілген.    
"Қала тұрғындарын көліктерін ағаш түіне қаңтармауға шақырамыз. Сондай-ақ, салбырап тұрған бұтақтардан аулақ жүруді сұраймыз", – дейді төтенше жағдай өкілдері.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу