Алматыда кәсіпкерді заңсыз тексерген мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

715

Ол 58 370 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Алматыда кәсіпкерді заңсыз тексерген мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды

Алматы қаласы Жетісу ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері "АБП" ЖШС қызметіне негізсіз араласқан, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеріс барысында басқарма қызметкері құқықтық статистика органдарында тіркелместен кәсіпкерге қатысты салықтық тексеру жүргізгені анықталды. Оның қорытындысы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.

"Сот бұл істі әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты. Прокуратура лауазымды тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 175-бабы 1-бөлігі 2-тармағы (Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғады. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен қызметкерге 58 370 теңге көлемінде айыппұл тағайындалып, кінәлі деп танылды. Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісі толтырылып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу