Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 1 мамыр 20:58-де Mercedes көлігін басқарған жүргізуші Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылып, кейін аударылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жолаушысы – 1998 жылғы ер азамат көз жұмды. Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлайды Полиция департаментінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу