Алматыда көлік қаққан бойжеткендердің екеуі де көз жұмды

637

"Mersedes" маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның сары түсіне үлгеріп өтпек болған.

Алматыда көлік қаққан бойжеткендердің екеуі де көз жұмды

Алматыда жүйткіген "Mersedes" 19 жастағы қыздарды қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты кеше түнде болған. Полиция қайғылы оқиға туралы түсінік берді.

"Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. "Mersedes" маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның сары түсіне үлгеріп өтпек болған. Сол сәтте 2000 жылы туған екі қыз жолдан өтіп бара жатқан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермеген. Ол қазір қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр",– деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу