Алматыда көлік жуу қызметкерлері көлікті мас күйінде айдап, апатқа ұшырады

134

Алматыда 17 тамызда түнгі сағат 23:30 шамасында Полевая көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды.  

Алматыда көлік жуу қызметкерлері көлікті мас күйінде айдап, апатқа ұшырады Фото: instagram/kris_p_almata

Алдын ала деректер бойынша, көлік жуу қызметкерлері мас күйінде клиенттің көлігін айдап шығып, серуендеуді жоспарлаған. Алайда көлікті басқара алмай, апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты kris_p_almata парақшасына сілтеме жасап. 

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ: жүргізушілер де, жүргіншілер де аман. Алайда жууға әкелген көлікке қатты зақым келіп, жарамсыз болып қалды.

Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу